Мамандық коды Мамандық атауы Біліктілік коды Біліктілік атауы Оқыту мерзімі
06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) 3W06130102 Web-дизайнер
4S06130105 Ақпараттық жүйелер технигі
4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы

Бұл маман компьютерлік техниканың, жергілікті желінің, бағдарламалық жасақтаманың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Компьютерлерге қызмет етеді және ұйымдағы жабдықтардың, компьютерлік бағдарламалар мен ақпараттық желілердің үздіксіз жұмысын реттейді.

Желілік жабдықты қосып, оның жұмысын бақылайды. Ол диагностика жүргізеді және жергілікті желі мен желілік жабдықтың бір немесе бірнеше элементтерінің жұмысындағы ақауларды жояды, жергілікті корпоративті желі арқылы ақпарат алмасады, профилактикалық жұмыстар жүргізеді, ғаламдық желі ғаламтор сегменттерін қамтитын компьютерлік желілердің конфигурациясы мен жұмысын үйлестіреді. Желілік қауіпсіздікке, компьютерлер мен компьютерлік бағдарламалардың жұмысына жауап береді. Аталмыш маманға компьютерлер мен компоненттерді сатып алудан бастап, веб-сайттар жазуға дейінгі көптеген міндеттер жүктелген

- бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру құралды мен технологиялық әдістері, тестілеу, бағдарламаларды іске асыру және жүргізу.